Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы түрік делегациясына өсімдік шаруашылығы саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын жандандыруды ұсынды.
«Біз елдеріміз арасында қалыптасқан бауырластық қатынастар мен өзара түсіністікті жоғары бағалаймыз және ауыл шаруашылығы саласындағы қазақ-түрік қатынастарының тұрақты дамуын қанағаттанушылықпен атап өтеміз», - деп атап өтті министр.
Екі елдің Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің кездесуі Түркия президенті Режеп Таип Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.
Айта кетейік, 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Түркия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 177,3 млн долларды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77,6% - ға артық. Қазақстан негізінен май, бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын экспорттайды. Ал түрік күнбағыс тұқымдары мен кондитерлік өнімдерді сатып алады.