ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қайтарылуы 2022 жылдың соңына дейін  жоспарланған 5 млн (5042692,2) га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару жоспарын мерзімінен бұрын орындады. Сонымен қатар, бүгінгі күні жер пайдаланушылар бұрын тұрып қалған 1,8 млн га жерді игеруге кірісті.