Айта кетейік, осы жылдың өзінде министрліктің Жер ресурстарын басқару комитетінің республика бойынша аумақтық бөлімшелері учаске иелеріне қатысты ауыл шаруашылығы жерлерін алу мен пайдаланудың заңдылығына қатысты 1357 жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2022 жылғы 28 сәуірде құрамына мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдары кіретін жұмыс комиссиясы  құрылғанын еске саламыз. Осы комиссия құрылған сәттен бастап барлық өңірлерде ведомствоаралық топтар құрылды. Биылғы жылдың 9 тамызында Қазақстан Президенті жер мәселелері бойынша тексерулер үшін ерекшелікті көздейтін Жарлыққа қол қойды, бұл пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару  бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін едәуір арттырды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын хабарлайды.