Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің кейбір құзыретін әкімдіктер мен министрліктерге беруді тапсырды.

Кеңес барысында әкімшілік реформа Үкіметті артық функциялардан айтарлықтай босатып, орталық мемлекеттік органдарға маңызды шешімдер қабылдауда икемділік, жеделдік пен тәуелсіздік беретіні, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейтетіні айтылды.

Қазіргі таңда 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасының жобасы әзірленді, оған сәйкес қажетті заңның жобасы Мәжіліске ұсынылмақ.