Мәселен, «Батыс Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» ҚБ басшысы Дарина Телагисова өңірде киім, жиһаз, аяқ киім және басқа да көптеген тауарларға сараптама жасауға болатын объектілердің жоқтығына шағымданды.

Арман Шәкқалиев ҚР СИМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы бойынша азаматтар тауарларға өз бетінше сараптама жүргізе алатын объектілердің тізілімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Бұл бағыттағы жұмыс қоғамдық бірлестіктермен, Техникалық реттеу және метрология комитетінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп жүргізіледі. Сондай-ақ, бірінші вице-министр кәсіпкерлік субъектілерін тауарларға сараптама жүргізу және жөндеу орталықтарын құруға шақырды.  Мемлекет тарапынан оларға әдістемелік және консультациялық, сондай-ақ құқықтық көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, сапар барысында бірінші вице-министр «Орал Агро» ЖК көтерме-тарату орталығына барды, онда жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған қойма және логистикалық қызметтердің толық кешені, сондай-ақ «Жаңа Әлем» ШҚ көкөніс қоймасы қарастырылған. Сондай-ақ, қуаттылығы 7900 тонна болатын «World green Company» ЖШС жылыжай кешенін аралады.

«Батыс Қазақстан облысында «айналым схемасы» тетігі шеңберінде ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін қазіргі уақытта жалпы сомасы 875,8 млн теңгеге 4 238 тонна азық-түлік қоры бар. Кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша 4 390 тонна азық-түлік тауарларын тұрақтандыруға 1 345 млн теңге мөлшерінде қарыздар берілетін болады.  11 сауда желісі және 16 базар жұмыс істейді. Жыл басынан бері өңірде 570 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді», - деді Арман Шаққалиев.