Ақмәди Сарбасов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында еңбек ұжымдарымен, студенттермен және әлеуметтік қызметкерлермен бірқатар кездесулер өткізді. Ол өңір тұрғындарына Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.