Ұлттық экономика министрлігі заң жобасы бойынша қазіргі жағдай туралы қысқаша баяндады. Заң жобасы аясында 159 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 конституциялық заңға, 13 кодекске және 143 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 568 өкілеттікті қайта бөлу қарастырылған.

Жиын барысында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға заң жобасын келісуді жеделдетуді тапсырды.