Атап айтқанда, қатысушылар Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы және «Ауыл – Ел бесігі» бойынша өз ұсыныстарын берді. Көтерілген мәселелерді мүдделі орталық мемлекеттік органдар облыс әкімдіктерімен бірлесіп қарайтын болады. Сондай-ақ, кездесу барысында өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобалардың негізгі бағыттары қарастырылды.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №1 Жарлығына сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі ҚР Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

Тұжырымдаманың үш негізгі тәсілі:

- ауылдың институционалдық дамуын қамтамасыз ету;

- әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын қарқынды дамыту;

- агроөнеркәсіп кешенін, кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы ауыл халқының табыс деңгейін арттыру. 

Жалпы, құжат 60-қа жуық іс-шараны қамтиды. Сондай-ақ, апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға, денсаулық сақтау объектілерін, интернетке қолжетімділікті, орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге және ауылішілік жолдардың жағдайын жақсартуға бағытталған міндеттер көзделген. Ауыл халқының табысын арттыруға ерекше көңіл бөлінетін болады.