Жүйелі бұзушылықтары бар көмірсутектер саласындағы бұрын анықталған 27 келісімшартқа бүгінгі күні жер қойнауын пайдалануға арналған 8 келісімшарт қосымша енгізілді, олар бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалмауы анықталған.

2023 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша 12 келісімшарт бұзылды, 9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд теңге сомаға берешек өтелді, 4 келісімшарт бойынша сот органдарына бар берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға талап-арыздар берілді, 10 келісімшарт бойынша – жұмыс заңнамаға сәйкес жалғасуда.

Мемлекетке қайтарылған жер қойнауы учаскелері бұдан әрі инвестициялар тарту үшін аукционға шығарылады.

2022 жыл ішінде 2 электрондық аукцион өткізу кезінде жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын бұзылған келісімшарттар бойынша 11 жер қойнауы учаскесі шығарылды.

Жалпы, 2022 жылғы аукциондардың қорытындысы бойынша ел бюджетіне шамамен 26,0 млрд теңге қол қою бонусы төленді (қол қою бонусын төлеудің соңғы мерзімі – 24.01.2023 жыл) және геологиялық барлауға 50,0 млрд теңгеден астам инвестициялар мәлімделді.