Мониторинг нәтижелері бойынша 125 бизнес субъектісі салық төлеу көзделмеген сыртқы маңдайшаны пайдаланғаны үшін тізімге енгізілгені анықталды. 

Осылайша, Антикор қызметтің ұсынымдары бойынша 2 млн теңгеден астам соманы негізсіз өндіріп алу жоспарланған кәсіпкерлердің аталған санының құқықтары оларды сыртқы жарнама үшін салық төлеушілер тізімінен алып тастау жолымен қорғалды.