Жергілікті атқарушы органдар кіреберіс жолдар мен қала тұрғындары үшін көлік тұрағы кеңістігін ұйымдастырмаған. 

Шағымды қарау қорытындысы бойынша Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ақсу қаласының ТКШ бөліміне хат жолдады.

Әкімдіктің қарауындағы кіреберіс жолдарды абаттандыруға қаражат жергілікті бюджеттен бөлінетін болады. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған.

Антикор департаментінің басшылығы Баянауыл ауданының кәсіпкерлерімен кездесуі барысында ШОБ дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілер анықталды.

Мәселен, жергілікті кәсіпкер әкімдіктен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп тұрған бизнес учаскесіне іргелес қосымша жер сұрап келген.

Осы мәселені зерделеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, аудан әкімдігі басшылығы, жер қатынастары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, ауылдық округ әкімі және кәсіпкерлер тобы белгіленген орынға комиссиялық бақылау жүзеге асырылды.

Кәсіпкер қосымша жер учаскесін заңды түрде ала алатындығы анықталды.

Енді әкімдік барлық қажетті құжаттарды қабылдауға және белгіленген мерзімде жер беруге дайын.