Ауыл халқының табысын арттыру жобасы аясында Жетісу облысына 1,5 млрд теңге бөлінеді. Өңірдің 400-ге жуық тұрғыны мен ауыл шаруашылығы кооперативтері өз ісін бастауға немесе дамытуға жеңілдікпен шағын несие ала алады. Бұл туралы облыс фермерлерімен кездесуде ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.