Министр сондай-ақ өңірде ӘКК арқылы саладағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша СҚО тәжірибесі таралатынын хабарлады. Жетісу бойынша құны 27,9 млрд теңге болатын 14 жоба тиімді несиелендіруге үміткер болып отыр. Облыста жаңа сүт-тауар фермалары мен құс фабрикалары ашылады. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша бұл импортты алмастыру және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерімен толтыру жұмыстарына көмектеседі.

Министр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен субсидиялаудың жаңа ережелерінің жобасын және алдағы көктемгі егіс науқанына дайындық барысын талқылады. Өңірде биыл 519 мың га аумақты егу жоспарланып отыр. Атап айқтанда 308,6 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 95,4 мың га майлы дақылдар, 9,4 мың га көкөністер мен бақша дақылдары, ал 85,6 мың га жемшөп дақылдары егіледі.

АШМ басшысы аграршыларға «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіске өткен жылғыдай 140 млрд теңге қарастырылғанын еске салды. Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ, жұмыс сапары кезінде Ербол Қарашөкеев өңірдің бірнеше фермерлік шаруашылықтары мен ірі агрохолдингтеріне барды. Соның бірі - қуаттылығы жылына 150 мың жүгеріге дейін жететін Жаркент крахмал-сірне зауыты. Кәсіпорын сонымен қатар терең өңделген өнімдердің 28 түрін шығарады: жүгері крахмалы, сироптар, мал азығы, жүгері ұрықтары, глютен және т.б. Дайны өнімдер Ресейге және Орталық Азия елдеріне экспортталады. Қазір зауытта 250-ден астам адам жұмыс істейді.