Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығымен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қатысуымен «Minerals.gov.kz» жер қойнауын пайдалану платформасы әзірленді. Ол геологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге, лицензиялық учаскелерді бөлуге, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың есептілігі мен қызметінің мониторингін қалыптастыруға арналған, деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.