Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан Астана, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушыларына, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне марапаттарды салтанатты түрде тапсырып, Президенттің алғысын жариялады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.