Түркиядағы жойқын жер сілкінісін жою кезеңінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және көрсеткен ерлігі үшін барлығы 59 қызметкер марапатталды, оның ішінде 8 қызметкер мемлекеттік наградаға ие болды, 51 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Министр Республика Президентінің атынан және өз атынан адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берген төтенше жағдайларда көрсеткен батылдығы мен жоғары кәсібилігі үшін ұйқыларын аямай батылдық танытып, ержүректікпен еңбек еткен барлық марапатталғандарға алғыс айтты.

Өткен аптада Министр Түркиядағы жер сілкінісін жойған Алматы қаласындағы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларын марапаттады. Оларға мемлекеттік наградалар, ҚР Президентінің Алғыс хаттары, сондай-ақ ведомстволық наградалар - медальдар мен төсбелгілер табыс етілді.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінде Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүктерді тасымалдауға қатысқан Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне құрмет көрсетілді. Президенттің Жарлығымен ұландық ұшқыштарға жоғары мемлекеттік наградалар тапсырылды.