Субсидияланатын жұмыс орындарына 92,8 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 10,8 мың адам, жастар практикасымен 4,8 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 69,6 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 1,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 44 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 6 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 7,9 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 6,9 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 47,3 мың адамды қамтыды, оның ішінде 36,1 мың адам сертификат алды.

Сонымен қатар қызмет саласын таңдау мақсатында 29,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.