Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайтуды тапсырған болатын.

Былтыр мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің еңбекақысы 23%-ға көтерілді.

Биыл жыл басынан сала қызметкерлерінің еңбекақысы тағы 22%-ға артты. Алдағы екі жылда мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің айлығы 55%-ға көтеріледі.

Сондай-ақ «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы екі есеге жуық өсті. Бүгінде елімізде осы санатқа жататын 5 ұйым бар. Министрлік алдағы уақытта аталған нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.