Қаржы министрлігінің өкілі арыз берушілерге қойылатын талаптарды, арыз қандай критерийлерге сәйкес келуі керек, қандай себептермен банкроттық рәсімінен бас тартылатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бұл критерийлердің барлығы тиісті заңнамалық негіздермен негізделген. Дәл осы себепті бүгінде 10 382 өтінім өңделуде, олардың тек 2 670-і (26%) бойынша шешім қабылданды және олар банкроттық рәсімі бойынша одан әрі іс-қимылдарға жіберілді. 7 340 арыз берушінің арызын қараудан бас тартылды. Олардың көпшілігі сомасы мен мерзімі бойынша критерийлерге сәйкес келмейді. Бұл - 6 713 адам. Көбісі АӘК алады немесе мүлкі бар. Біреудің жер учаскесі немесе автокөлігі бар. Мұның бәрі, сондай-ақ бірқатар басқа критерийлер оның банкроттығын танудан бас тартуға себеп болады.

«Бірақ арызы қайтарылғандардың белгілі бір мерзім ішінде банкроттық рәсіміне қайта жүгінуге мүмкіндігі бар», - деді вице-министр.

Ол үшін барлық құжаттарды заңнама талаптарына сәйкес келтіру қажет. Бірақ егер негізгі критерийлер бойынша (берешегі белгіленген мөлшер 1600 АЕК-тен асып кетсе және т.б.) сәйкессіздіктер болатын болса, онда қайта арыз берудің қажеті де жоқ.

Банкроттық пен оңалтудың сот рәсімдеріне келетін болсақ, мұнда да көптеген критерийлер бар. Дегенмен, қарыз сомасы ауқымды болуы керек. Бұл процедура сот рәсімдерімен байланысты, сондықтан бұл бағытта аз - 139 арыз ғана түсті, деді қаржы министрлігінің өкілі.