Түркістан облысының Сайрам ауданында «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті. Онда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының жұмыс берушілері бос жұмыс орындарын ұсынып, қоныс аударған жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектер, көшу шығындарын өтеу бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі