Халқы тығыз орналасқан Сайрам ауданының тұрғындарына жалпы 3934 вакансия ұсынылды, Сұранысқа ие мамандықтар қатарында медицина, білім, көлік, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бар. Жиынға 500-дей жергілікті тұрғын белсенділік танытып, қатысты. Қоныс аударуға ниеттілердің саны артқаны байқалды.
Еске сала кетейік, Түркістан облысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өткізілуде. Делегация құрамындағы 80-ге жуық өкіл арнайы келіп қатысуда. 500-ден астам мақтааралдық тұрғын ішкі көші-қон бойынша мағлұматтарға ие болып, бос жұмыс орындарына орналасуға өтінім берді.