2022 жылы қайтарымсыз гранттар мал өсіруге – 8,2 мың, технологиялық жабдық сатып алуға – 8 мың, құрал-жабдық сатып алуға – 3,5 мың, құрал – саймандарға – 1,3 мың, өсімдік шаруашылығына – 0,2 мың, сондай-ақ басқа да мақсаттарға берілді.
Алушылар санаты бойынша 11,1 мың грант жастарға, 6,1 мыңы көпбалалы отбасы мүшелеріне, 1,9 мыңы мүгедектігі бар адамдарға, 1,3 мыңы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, 796 – атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, 290-ы қоныс аударушылар мен қандастарға, 238-і асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға берілді.
2022 жылы грант мөлшері 400 АЕК немесе 1,3 млн теңгеге дейін құрады.
Гранттардың ең көп саны Қызылорда (3,4 мың), Түркістан (2,9 мың) және Жамбыл (2,6 мың) облыстарында берілді. Барлығы 21,7 мыңнан астам грант берілді.
Бұрын хабарланғандай, 2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 9 мың грант беру көзделген. Гранттар беру 4 ағымда жүзеге асырылады. Бірінші ағын аясында 2 434 грант берілді.
Гранттарды халықты жұмыспен қамту орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.
Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай критерийлер бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.
Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.
Комиссияның шешімі үміткердің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда үміткер банктік деректемелерді ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.