Соңғы 10 жылда кәмелетке толмаған балаларға қатысты қылмыс 78%-ға, ал кәмелетке толмағандардың өздері жасаған қылмыстар 63%-ға азайды. Мұндай мәліметті Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстелде Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров келтірді.