2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес, киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа, яғни 45,3%-ға артты. Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны 1,13 млн. дарақ, Бетпақдала – 745 300, Үстірт-39 700, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.