Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету аясында 517 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі бейімделді. Оның ішінде 159 объект ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.