Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде Ақмола облысында 667 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бейімделді. Оның ішінде 475 объект ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.