2023 жылдың қыркүйек айының соңында Маңғыстау облысының Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының (КТТ) бас жүк терминалында жүктің бірінші партиясы қабылданды, ал қазан айының соңына қарай жалпы салмағы 4,5 мың тонна кемеге тиелген металдың жөнелтуі жоспарлануда. Осылайша, Құрық портының жаңа терминалдық қуаттары іске қосылуда. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметте трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері жөніндегі жедел жұмыс тобының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.