Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес АӨК субсидиялауды жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Осылайша, АШМ АӨК субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізді. Түзетулер қарыз шарттары күту тізімінде тұрған фермерлер үшін шарттарды жақсартады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.