ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен 2023 жылғы 1 шілдеде елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді, оның құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді. Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар 338 тексеру жүргізді, оның 95-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 243-і жоспардан тыс тексерулер болды.
Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 36, мектептер – 227, дүкендер, базарлар – 4, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері – 6, мәдениет үйлері – 3, мұрағат – 1, банк филиалы – 1, балабақша – 1, жергілікті атқарушы органдар басқармалары – 7, колледждер – 3, университеттер – 2, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 19, ЖШС – 3, кафе, мейрамханалар – 3, монша – 1, автопарк – 1, ауруханалар мен емханалар – 5, стоматология – 2, қонақ үй – 1, мемлекеттік мекемелер – 4, пансионат – 1, театр – 1 және т. б. қамтылды.
Осылайша, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамның өтініші бойынша мүгедектігі бар баланы мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігіне сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен (корсетпен) қамтамасыз етпеу мәселесі бойынша Қызылорда қаласы әкімдігінің қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтар расталды, субъектіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, басшылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтті.
Сонымен қатар, ҚР Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылы 1 783 тексеру жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1 171 ұйғарым берді, 98,4 млн теңгеден астам сомаға 467 айыппұл салды.