Осы жылы скрининг қорытындысы бойынша несиелеуге облыс аудандарының барлық ауылдық округтері тартылатын болады. Ағымдағы жылға 1 320 млн теңге бөлінді. 538 жаңа жұмыс орнын құру және атаулы әлеуметтік көмек алатын 10 адамға несие беру жоспарлануда.
Барлығы 264 несие берілмек. Оның ішінде, мал шаруашылығы саласында 132 несие; өсімдік шаруашылығы саласында 106 несие; ауыл шаруашылығы емес бизнеске 26 несие беру көзделген.
Әр ауданда кемінде 1 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған. Барлығы 10 кооператив құрылады.