«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы республикалық бюджеттен 60 мың орынға ұлғайтылды. 2025 жылға дейін ТжКБ студенттері мемлекеттік тапсырыспен 100% қамтамасыз етіледі», – дейді техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Дархан Сатанов.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғаяды: геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және т.б. Бүгінгі таңда ТжКБ-да мемлекеттік тапсырыспен қамту 80%-ға жетті.
Жыл сайын кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың талапкер қабылданады. Тапсырыс беруші кәсіпорындар практиканы ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелер алатын болады.