Жұмысты қайта форматтау және өңірлердегі халықты жайылымдармен қамтамасыз ету – Пайдаланылмай жатқан және заң бұзушылықпен берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссияның алдында 2024 жылға осындай міндет тұр. Вице-премьер С. Жұманғариннің төрағалығымен өткен комиссияның кезекті отырысында осы бағытта не істелгені, сондай-ақ жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.