Биыл республикалық желі бойынша 5,3 мың шақырым жолды жөндеу, салу және реконструкциялау жалғасып жатыр. Президенттің тапсырмасы шеңберінде елімізде 12 мың шақырым автожол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.
«Бүгінде орташа жөндеу жұмыстарымен 20 жылдан астам жөнделмеген жолдар қамтылып отыр. Мәселен, 4 облысты басып өтетін «Жезқазған – Петропавл» автожолын құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтимыз. Ақтөбе облысында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ыргыз» жолын, ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында Өскемен мен Семей арасындағы автожолды жөндеуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті ведомство басшысы Марат Қарабаев .
Қойылған міндеттерді орындау мақсатында мердігер ұйымдар жол-құрылыс материалдарын дайындау және құрылыс-монтаж жұмыстарын толық көлемде жүргізіп жатыр. Автожол жобаларын уақтылы аяқтау үшін барлық қажетті шара қолға алынған.