Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Үкіметінің Жоспарын іске асыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар автожолдарды қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландырады, деп хабарлайды Primeminister.kz.