Алматыда 150 субұрқақ бар, оның 66 коммуналдық (60-ы штаттық режимде, 6-ы қайта жаңартылып жатыр) және 84-і жеке аумақта. Коммуналдық меншіктегі субұрқақтар 1 мамырдан 25 қазанға дейін күн сайын сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін профилактикалық іс-шаралар (тазалау, жабдықтарды тексеру) кезінде өшіріліп, кестемен жұмыс істейді. Субұрқақты тазалау кестесіне сәйкес, субұрқақтың суы ай сайын ағызылып, жабдықтар тексеріліп, арнайы құралдармен тостағаны жуылып, тазартылады. Кейде коммуналдық субұрқақтар апаттық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу және ағымдағы жөндеу (кабельді ауыстыру, сорғылар мен қозғалтқыштарды ауыстыру немесе жөндеу, гидрооқшаулау, қаптаманы жөндеу) үшін өшіріледі.

Жеке аумақта орналасқан субұрқақтардың жағдайы мәз емес, қараусыз қалған, жұмыс істемейді немесе меншік иесінде қаржының болмауына байланысты күрделі жөндеуді талап етеді. «Алматы Жазы» акциясы аясында жеке субұрқақтар қалалық нысандармен бірге ретке келтіріледі. Ұзындығы 1525 км қаланың арық желілерін тазарту жұмыстары күшейтіледі. 

«Алматы Жазы» акциясы аясында 624 аялдама кешенін, 222 бағдаршам нысанын, 2 181 жол белгілерін шаңнан және ластанудан тазарту (жуу), өзен жағалауы мен су айдындары аумағындағы шамамен 250 шаршы км жерді қоқыстан тазарту жоспарлануда.

Жазғы маусымдық іс-шараның бірі ағаштарды санитарлық мақсатта кесу. Апатты жағдайдағы ағаш адамға және мүлікке үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты ауру және қураған ағаштың бұтақтарын санитарлық мақсатта кесу дауыл, қатты жел мен нөсер кезінде бұтақтардың құлау қаупін азайтады. «Алматы Жазы» акциясы барысында 6 мыңға жуық ағашты санитарлық мақсатта кесу жоспарланып отыр.

Осылайша, «Алматы Жазы» акциясы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының жазғы уақыттағы жалғасы болады. «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты – қалалық инфрақұрылым мен ортақ мүлікке ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, ел арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдап, оларды іске асыруға жағдай жасау.