Қанат Бозымбаев жаңа университеттің тиісті материалдық-техникалық базасын құру, қаржыландыру және кадрлармен қамтамасыз ету туралы есепті тыңдады.

Вице-премьер еліміздің базалық жоғары оқу орындарының бірін қалпына келтіруді Мемлекет басшысы тапсырғанын еске салды. Университетке Ұлттық мәртебе беріледі, ол тек су ресурстары мәселелеріне мамандандырылады. Оқытушылар құрамына шетелдік ғалымдар да кіреді. Еуропа, Қытай, Ресей және АҚШ университеттерімен жаңа ЖОО-мен серіктестік туралы келіссөздер жүргізілуде. Талапкерлерді тарту үшін білім беру гранттары көзделеді.

Вице-премьер қажетті ведомствоаралық рәсімдерді жеделдетуді тапсырды — университет қыркүйек айында өз есігін ашуға тиіс.