Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша балабақшаларда жаңадан 28 мыңға жуық орын ашылды. Осылайша, балаларды сапалы түрде мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту 91,5%-ға өсті.
«Жаңа орындарды ашу - жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды салу, реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке балабақшаларға орналастыру есебінен жоспарлануда. Бүгінде ол бойынша Павлодар облысы жоғары көреткішке қол жеткізді», - дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Елімізде жалпы саны 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасауда. Онда барлығы 1 миллионнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Биыл 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамту көрсеткішін 92,5%-ға дейін арттыру жоспарланған.