Президент мемлекет және қоғам қайраткері Алма Оразбаеваның - 126 жылдығына орай Т.Рысқұлов ауданы Луговой станциясына, қазақтан шыққан тұңғыш әйел дипломат Балжан Бөлтірікованың – 103 жылдығы аясында Қордай ауданы Әлжан Ана ауылына және композитор Сыдық Мұхамеджановтың – 100 жылдық мерейтойына орай Меркі ауданы Ойтал ауылына сый кітаптар жіберді.

Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай ақын, сатирик Шона Смаханұлының –100 жылдық мерейтойы аясында Талас ауданы Ойық ауылына және журналист, жазушы Қарауылбек Қазиевтің – 85 жылдығына орай Шу ауданы Көктөбе ауылына кітаптар жолдады.

Аталған 5 ауылдық кітапханаға қазақ әдебиетінің үздік туындылары, танымдық-ағартушылық еңбектер, балалар әдебиеті, сұранысқа ие авторлардың шығармалары топтастырылған 100 кітаптан сыйға тартылды.

Акция шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.