Оқушыларға цифрлық оқу материалдары мен қосымша сабақтарға қолжетімділік беріледі. Осы мақсатта әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асыру бойынша Жол картасы әзірленді. Жоба бойынша ел аумағында 2000-ге жуық оқушы қамтылады.