Жоба аясында 28 мың тоннаға дейін дәнді дақылдарды біржолғы сақтау мүмкіндігі бар 18 сүрлем салынды. Құбырлардың өнімділігі сағатына 300 тоннаны құрайды. 

Терминал дәнді дақылдарды Қазақстаннан Иранға, Кавказ өңірі елдеріне және одан әрі экспорттайды.

Бүгінгі таңда астық терминалында шамамен 14 мың тонна арпа сақталып тұр. Биыл осы терминалдан Құрық портының №4 айлағы арқылы 3 500 тонна арпаның бірінші жүк партиясы Иранға жөнелтілді.

Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау шеңберінде іске асырылып жатыр.