Бір жыл ішінде облыс орталығында 2 жайлы мектеп салынды, Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қаражар, Қоянды, Қабанбай батыр және Ақмол ауылдарында 7 жаңа мектеп бой көтерді. Елорданың жанында орналасқан елді мекендерде осындай нысандардың құрылысы елордалық білім беру нысандарының жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді. Қоянды ауылындағы 2 мың оқушы орнына есептелген мектепте 4 спорт залы бар.
Жоба аясында салынған мектептер ауылдық және қалалық білім беру мекемелері үшін бірыңғай стандарттарға сәйкес келеді және әдеттегі көрсеткіштерден 4 есе артық заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған. Ғимараттардың ауданы стандартты мектептерден 15-20% кең, ал оқушылар үшін жаңа модификация кабинеттері, спорт залдары, STEM-зертханалар, кең асханалар, кітапханалар мен спорт алаңдары қарастырылған.
Бір ауысымды мектептерге күннің екінші жартысында үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуға мүмкіндік бар, бұл физикалық және интеллектуалдық дамуға әртүрлі мүмкіндіктер береді.