2024 жылдың желтоқсан айында Одақ мүшелері «100 әке – 1000 бала» деген бастаманы қолға алып, мектеп ауласын қардан тазалап, басқа қар көп жауатын өңірдің әкелерін де шараға қатысуға шақырды. Сондай-ақ әкелер білім ордаларында сынып сағаттарын өткізіп жүр. Бұл туралы «Әкелер одағы» РҚБ Астана қаласы филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде хабарлады.