Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қайтарым қаражаты есебінен (револьверлік несиелеу) 1,2 млрд теңге бөлініп, жалпы алғанда 16,3 млрд теңгеге 2 863 жоба қаржыландырылды. Бұл өз кезегінде 2 995 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Жобалардың негізгі бағыттары: мал шаруашылығы – 5,4 млрд теңге (872 жоба); өсімдік шаруашылығы – 1,3 млрд теңге (252 жоба); құс шаруашылығы – 2,4 млрд теңге (598 жоба); шағын бизнес – 6,3 млрд теңге (1141 жоба).