Бұл жолдың өткізу қабілетін арттырып, жол-көлік оқиғаларын алдын алуға мүмкіндік бермек. Әсіресе жазғы маусымда қозғалыс қарқындылығы артқан кезде туристер мен жергілікті тұрғындар үшін бұл жол ыңғайлы әрі қауіпсіз болады деп күтілуде.
«Жазғы уақытта Зеренді курорттық аймағына баратын көлік саны артатыны сөзсіз. Жөндеу жұмыстары 47 шақырымды қамтиды. Қазір жоба аясындағы жұмыстар белгіленген кестеге сай жүріп жатыр», – деді вице-министр.
Зеренді курорттық аймағы – еліміздегі ең танымал туристік бағыттардың бірі. Мұнда жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден мыңдаған турист келіп демалады.
Жалпы 2025 жылы ауқымды орташа жөндеу бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар 7 мың шақырым жол жаңартылмақ. Бұл жұмыстар ең алдымен туристік әлеуеті жоғары өңірлерге бағытталған. Атап айтқанда, Рахманов қайнары, Алакөл, Қайыңды мен Көлсай көлдері, Баянауыл, Кендірлі, Қорғалжын қорығы және Имантау-Шалқар курорттық аймағына баратын жолдар жөндеуден өтеді.