Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандырушы төлем бөліктерінен тұрады. Ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі.

Бұл жаңа қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларында өндірілген өнімді сатылымға шығару механизмі қарастырылып жатыр. Өндірістен түскен табыс білім беру ұйымдарын дамытуға бағытталады.