Екі нысанның жалпы құны – 22 млрд теңге. 2027 жылғы 1 қыркүйекте Степногорск қаласының оқушылары жаңа мектеп табалдырығын аттайды. Мектеп заманауи оқу кабинеттерімен, IT-орталықпен, спорт залымен, мультимедиялық аймақтармен  жабдықталады.

Ал спорт сарайының жобасы толық дайын, жер телімі де бөлінген – осыған байланысты құрылыс жұмыстары алдағы күндері басталып, келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Спорт кешенінде әмбебап зал, жүзу бассейні, жаттығу және арнайы спорт залдары, сондай-ақ жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған барлық қажетті инфрақұрылым қарастырылған.