Челленджге еліміздің барлық өңірлеріндегі балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Қатысушылар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын қысқа бейнежазба жолдайды немесе мәтіні бар фото-пост форматында мына сұрақтардың біріне жауап беруге тиіс:

• Өз мектебіңде, қалаңда немесе еліңде нені өзгерткің келеді?
• Сенің үнің естіледі дегенді қалай түсінесің?
• Қазақстандағы балалардың болашағын қалай елестетесің?
• Арманыңдағы мектепті сипаттап жаз немесе суретін сал.

Жарияланымдар әлеуметтік желілерде #БалаларҮні хэштегімен жарияланады. Ең үздік идеялар өңірлік және республикалық деңгейде қолдау тауып, көпшілікке ұсынылады.