Құжаттың негізгі мақсаты Астананы елдің батыс өңірлерімен жалғайтын стратегиялық маңызы бар «Орталық– Батыс» жобасын бірлесе іске асыру.
«Орталық – Батыс» жобасы — Қазақстанның көлік саласындағы басты бастамаларының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған бұл жоба өңірлер арасындағы байланысты күшейтіп, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға бағытталған.
Бұған дейін тараптар мамыр айында Қытайда келіссөз өткізді. Кездесу барысында ынтымақтастық пен жобаны бірлесе іске асыру шарттары талқыланды.