Қарашығанақ жобасы шеңберіндегі реттелетін сатып алуларға қазақстандық тауар өндірушілерді тартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі – Өнімді бөлу туралы келісімнің Тендерлік рәсімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың күшіне енуі болды.

Аталған өзгерістер Оператордың қажеттіліктеріне сәйкес жалғыз жергілікті өндірушіден тауарларды тікелей сатып алу, жергілікті өндірушілер арасында тендерлер өткізу, жергілікті өндірушілер үшін шартты жеңілдіктер мөлшерін арттыру, сондай-ақ инвестициялар немесе ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде шарттар жасау мүмкіндігін көздейді.