Жоспарланған 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының ішінен 646 нысан салынды:

  • 99 – 2023 жылы;
  • 361 – 2024 жылы;
  • 186 – 2025 жылы.

Жобаны іске асыру 1 млн-ға жуық ауыл тұрғындарын медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен қосымша қамтуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, 32 аудандық аурухана көп бейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейіне дейін жаңғыртылуда. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 10 нысан бойынша аяқталды, жобаның толық аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.

Күтілетін әсер:

  • инсульт пен инфаркт кезінде «алтын сағатқа» көмек көрсету;
  • жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімнің 20%-ға төмендеуі;
  • 4 миллионнан астам ауыл тұрғындары үшін жоғары технологиялық көмекке қол жеткізу.